• Пт. Апр 26th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Сардар Әбдіжақия: Қазір сынайтын уақыт емес!

Автор:REVIZORRO

Май 4, 2020

Қазағымның ауыз біршілігі мол, мейрімді, Қазақ- десе жүрегі елең ететін елміз. Қоғамда болып жатқан кейбір келеңсіздіктер мен көңілге кірбің салатын жағдайлар, бір-біріміздің көңлімізге сызат түсіргенін қаламаймын. Ия, рас, кейде кейбір ақпараттарды естіп, ренжитініміз бар, кемшіліктерде жоқ емес. Алайда ауыз толтырып айтып, елді дүрліктірген мен ештеңе өзгермейді. Қазір біздер, ел болып жұмылып, жағдайларды жақсарту үшін, мынау жаман індеттен құтылып, мемлекетіміздің эканомикасына пайда келетін әрекеттер, оған қоса Түркістан облысындағы су астына кеткен Мақтаарал ауданындағы ауылдарға қол ұшын беріп, қиын-қыстау кезде көмектескенімізден ғана пайда бар! Халық- ол біз! Халық- ол біздің мемлекет!
Халықтың жағдайын жақсарту үшін үрей туғызып, әлеуметтік желілерде «үрген» кей ақылсыздардың сөздері емес, халықтың дұрыс талап ете білуі және жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, ауыз біршілік пен қолдауымыз қажет. Сынауға уақыт табылады. Ең бастысы, қазіргі, біздің Қазақ еліне деген құрметіміз, қолдап, көмек қолын созуымыз басты міндет болып табылады. Ал кемшіліктер мен қателіктерге жол берген ақжағалылар болса, олар міндетті түрде жауабын беретініне сенімдімін. Кемшілік пенде болған соң барлық жерде, барлық басшылық пен адамдарда болмайды- деп ешкім айта алмас. Халықтың, адамның жаманы болмайды, жаман тәрбие алғаны болмаса…
Қаракөз қазағымның моншақ көздерінен жас көрмеуді, айтып келмес апаттары мен, жеті жұтынан Алла сақтасын- деп тілеймін. Ауыз біршілігіміз жоғалмасын, бірлігі жарасқан елімнің.
Сардар Әбдіжақия
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің бас директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?