• Пт. Апр 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ішкі істер саласының ардагері: «Жолымды жалғап, полицей болған екі ұлым мен барша тәртіп сақшыларына ризамын!»

Автор:REVIZORRO

Апр 23, 2020

Ішкі істер саласында еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған, Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің Ардагарлер кеңесінің мүшесі — Абдраимов Бауыржан Есенәліұлы өзінің ізін жалғастырған екі ұлы мен полицейлерге алғысын білдіріп, қиын да қауіпті жұмыстарына табыс тіледі. Зейнеткер полицей, еңбек жолын 1982 жылы ҚР ІІМ Күзет мемлекеттік мекемесінің бөлімінде бастаған. Осы жерде 2007 жылға дейін қызмет атқарып полиция старшинасы шенінде демалысқа шыққан. Ол өз сөзінде: «Мынадай дерт жайлаған уақытта, күні-түні қызметте екі бірдей ұлым жүр. Олар таңертеңгісін бар ынталарымен, өз жұмыстарына деген сүйіспеншілікпен жұмыстарына шығып жатады. Қызметтерін қорықпай, осылай адал атқарып жүргеніне қуанамын. Елдің ұлы болып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қиын саланың қазанында қайнап жүргеніне разымын. Менің үмітімді ақтауда. Ал, тәулік бойы блок-бекеттерде көз ілместен, шаршадым-шалдықтым деместен жұмыста жүрген полицейлерге ризашылығымды білдіремін. Әрқашан сабырлы болып, халық үшін жұмыс жасай беріңіздер» — деп ізгі ниетін жеткізді. Жоғарыда атап өткеніміздей, Бауыржан Абдраимовтың екі бірдей ұлы, әке жолын жалғап, қоғамдық қауіпсіздікті күзетуде. Үлкен ұлы Абдрамиов Артық Бауыржанұлы 25.08.1986 жылы туылған, 2007 жылы ҚР ІІМ ОҚО Бәйдібек ауданы бойынша Күзет мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналасқан, 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Бәйдібек АПБ Кезекші бөлімшесінің аға кезекшінің көмекшесі лауазымында жұмыс атқаруда, шені полиция старшинасы. Ал, екінші ұлы Абдраимов Абзал Бауыржанұлы 01.01.1989 жылы туылған, алдыңғы буын әкесі мен ағасының ізін жалғап, 2012 жылы ҚР ІІМ ОҚО Бәйдібек ауданы бойынша Күзет мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналасқан. 2013 жылдан қазіргі таңға дейін Бәйдібек АПБ Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі лауазымында жұмыс атқаруда, шені полиция аға сержанты. «Әке көрген оқ жонар», шынында әкелерінің жолын жалғап, полицейлер династиясы аталған бұл әулет ауданға сыйлы. Әрқайсысы өзіне міндеттелген қызметті абыроймен атқаруда. Ендеше, істеріңіз алға бассын Абдраимовтар отбасы. Елімізге келген, мына бір індет жойылып, ел аман, жұрт тыныш болсын демекпіз!
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?