• Ср. Апр 24th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысында қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларына Қ. Дәлбековтың арнайы марапаты мен сыйлығы табысталды

Автор:REVIZORRO

Июл 1, 2020

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес «23 маусым Қазақстан Полициясы мерекесі» қарсаңында облыстағы қызмет бабында қайтыс болған ержүрек полиция қызметкерлерінің отбасына арнайы барып, сый-сыяпаттар тапсыру іс-шаралары өткізілді.

Осы орайда Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың құттықтау хатымен, сыйлығын табыстау мақсатында 2013 жылы 11 маусымда күдіктінің соққысынан қаза тапқан полиция аға сержанты Атымтай Ахметовтың отбасына барып, оның жарын, ұл-қызын мерекемен құттықтап қайтты.

Өз кезегінде әрбір мерекеде ұмытпай, елеп-ескеріп, құттықтап келіп тұратын полицейлерге отбасы мүшелері алғыстарын жеткізді.

Осындай іс-шара Сарыағаш ауданында да жалғасты. Аудандық полиция бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен Қазақстан Полициясының құрылған күні мерекесі қарсаңында «өлі риза болмай, тірі байымас» қағидасы салтанат құрды.

Сарыағаштық сақшылар 1988 жылы қылмыскерлерді ұстау барысында қызмет бабында қайтыс болған Бақдәулет Елшинбековтың отбасына барып, оның жұбайын мерекемен құттықтап, Қ. Дәлбековтың марапатын ұсынып қайтты. Қиын салада еңбек етіп, өзінің қызметін атқару барысында өмірден өткен полицей Бақдәулеттің жанұясының жағдайын біліп, үйдегі анамызға бағалы сый-сыяпат табыстады.

Б.Елшинбековтың жары Ахметова Базаркүл болса, үнемі ұмытпай құттықтап келетін, өз балаларындай хал-жағдайын сұрап тұратын тәртіп сақшыларына үлкен рахметін айтты. Жұмыстарына табыс, дендеріне саулық, биік абырой тіледі. Аналық ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.

Түркістан облысы полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, халқына аянбай қызмет ете жүріп, ажал құшқан полицейлердің есімдері, оның отбасын, ұрпағын ұмытпай, әрдайым қолдан келгенше қолдау білдіріп отыруды дәстүрге айналдырған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да орын ала бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?