• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Менің әкемнің мамандығы.

Автор:REVIZORRO

Мар 7, 2019

Менің әкем — Карибаев Едилхан Биданович, Меркі ауданының №11 өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі болып жұмыс істейді, өрт сөндіруші – оңай мамандық емес, бірақ қызықты. Ал ең бастысы – өте қажетті. Жер шарында мамандықтармен кәсіптер өте көп. Бірақ, мен өскенде менің әкем сияқты өрт сөндіруші боламын деп шештім, өйткені бұл нағыз батырлардың мамандығы. Мен әкемді әрдайым мақтан тұтамын. Кез келген күндізгі және түнгі уақытта әкемді жұмысқа шақыртуы мүмкін. Сыныптастарым сұрағанда «Менің әкем өрт сөндіруші» деп мақтанышпен айтамын. Себебі: менің әкем көптеген ерліктер жасаған, өрт немесе машиналардың қақтығысы болса, әкем бөлімшесімен бірге зардап шеккен адамдарды құтқарады. Жылтыр костюм киіп алып, ірі мұнай қоймаларын сөндіреді және автобустағы зардап шеккен 25 адамды құтқару жұмыстарын жүргізгенін айтып отырады.

Осы жылдың басында «Ашық есік» күні болғанда өрт сөндіру бөліміне бардым. Әкеммен бірге жұмыс атқаратындар бізге өрт сөндіретін құрал-саймандарды таныстырды, үлкен өрт сөндіру машиналарын көрсетті. Үйде жалғыз қалғанда оттықпен, газ пештерімен ойнамауды түсіндірді.

Өзінің қиын жұмысына қарамастан, әкем уақытының көбін бізбен өткізеді. Біз үйде ағам, әкем, үшеуміз спортпен шұғылданамыз, бақшаға қараймыз, тал егеміз. «Құтқару ісі — мейірбан жандарға лайық», — деп әкем әрдайым айтып жүреді. Менде мейірбан жанның бірі боламын!

№35 жалпы білім беретін мектебінің

2-ші сынып оқушысы

Бидан Батухан Едилханұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?