• Пн. Май 6th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Автор:REVIZORRO

Июл 16, 2019

Бүгін Департамент басшысы Жазира Жылқышиева мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кездесуге Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозин, «Азаматтарға арналған үкімет»МК» КЕАҚ филиалының департамент басшысы Венера Калимова, Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет алушылардың ағымы ұлғайды.

Азаматтар қарапайым қызмет түрлерін алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына келеді.

Қызмет алушылардың ағыны бірқатар процестердің «маусымдық» кезеңімен байланысты.

Қазіргі кезде мұғалімдерді/дәрігерлерді аттестаттау, балаларға арналған мектеп лагерьлеріне орналастыру, тегін тамақтану, мектептерге қабылдау, емханаларға электронды түрде тіркелу белсенді түрде жүргізілуде.

ХҚКО қызметкерлері өздері құжаттарды сканерлеу және көшіру және т.б. жұмыстармен айналысып, азаматтарды порталға тіркеуде.

Яғни азаматтардың талаптарын қанағаттандыру үшін барлық жағдайды жасауға тырысуда.

Қызмет алушының қызмет көрсету мерзімі сәйкесінше артып, азаматтар кезегін ұзақ күтуде.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тез арада азаматтардың ағынын азайту және қызмет алушылардың қанағаттанбауына жол бермеу мақсатында кездесу барысында мектептерде, емханаларда, Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасында қызмет көрсету бұрыштарын ашуды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Енді азаматтарды Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан анықтама алуға, Egov порталында тіркелу, электронды цифрлық қолтаңбаны алу және т.б. қызметтер үшін жібермейтін болады.

Ұйымдастыру мәселелерін шешуге 2 күндей уақыт жұмсалады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қажетті қызметтерді алудың қолжетімді әрі қолайлы нүктелері туралы хабарландырулар орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет істер агенттігі
Нұр- Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?