• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«АЙТСАҢ ӨЛТІРЕМІН!»

Автор:REVIZORRO

Апр 13, 2019

ДАБЫЛ! ДАБЫЛ! ДАБЫЛ!
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ департаменті басшысы ЕРАЛЫ ЖҰМАХАНБЕТОВ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ Мақсат Қожабаев!
Бір жыл бұрын, Шымкент қаласындағы №83 мектеп оқушысы Ерсұлтан есімді баланың суицид жасауынан соң, ақша бопсалап, адам өмірін өлімге итермеледі деген баптар мен, МЕКТЕПтің үлгілі баласы, мектеп президенті Нұрбек есімді оқушы 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда дүние салған Ерсұлтанның қалтасында 4 баланың аты жазылып қалдырылған балалардың ақша сұрап жазған ВК желісіндегі жазбаларыда анықталды. Деген мен ол дәлел аз болса керек, самса жемей ақша төлегеннің кейпін Нұрбек есімді бала көрген болып тұр. Бүгіңгі таңда, Қамалған Нұрбектің және жәбірленуші Ерсұлтанның ата-анасы бұл сот үкіміне келіспей екі тараптын наразылығы мен апелляциялық сотқа шағым келтіріп жазған болатын. Сот тергеуі жүріп, жауап алынып жатыр. Бірақ Өзбекстаннан келген қазақ қандастарымыздың өзбек тілінде оқығанына байланысты қаншама құжаттар түсінілмей қол қойылып, аудармашысыз көп жағдайлар орын алып жатқанын жоққа шығармаймыз. 
11 сәуір күні сағат 12шамасында, Сотталған Нұрбектің анасынан қоңырау келіп түседі. Анасының айтуынша Күәгердің артына адам түсіп, аңдып жүргенін айтып, үйден шықпай қорқып отырғаны туралы ақпарат беріледі. Мен өз тарапымнан көмек қолымды созу мақсатында, Сотталған Нұрбектің анасының үйіне яғни көлік пен адамдар аңдып жүрген жерге демде тауып, жетіп барамын. Ол жерде көліктер жоқ болып шығады. Үйде, куәгер А есімді бала қорқып отырғанын көремін. Сұрасам, Нұрбектің кінәсіз екенін дәлелдейтін бірақ ақпараттар бар екені және сол ақпаратты беретін адам мен жолығып, алайын деп тұрғанында артына қара түсті көлік түсіп қуғанын, және сол ақпарат бар қызды ұстап алып, егер «Нұрбек туралы бір ақпарат айтатын болсаң, ата-анаң мен қосып өлтіріп кетемін»-деп айтқан екен. Сол мезетте полиция шақыру туралы ойды айтқанымда, ол кісілер полицейлерге сенімі жоғалғанын, және түнде қорқатындарын айтып қалған еді. Міне бүгін 12 сәуір, күні бойы, сотталған Нұрбектің анасы мен байланысу мүмкіндігі жоғалып мені, қара уайымға салып отыр. Сотталған Нұрбектің ата-анасына қорған болатын көмектеріңіз қажет. Олардың және бір қаншама адамдардың өміріне қауіп төніп тұр.
Қәзіргі таңда мен және басқа да адамдар, сотталған Нұрбектің отбасы мен хабарласа алмай отырғанымыз туралы хабарлаймын
Сардар Әбдіжақия
«REVIZORRO»
Шымкент қаласынан
(сурет шартты)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?