• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Рафаэль Гасанов Түркістан облысына келді

Автор:REVIZORRO

Июл 23, 2019

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік топ төрайымының орынбасары Рафаэль Гасанов Түркістан облысына мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында іс-сапармен келіп, «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері және бір топ қоғам қайраткерлері мен блогерлер Арыс қаласына жұмыс сапарымен барды. Әлеуметтік маңызы бар халыққа қызмет көрсету орталықтары, ауруханалар мен емханалардың қызметтік міндеттерінің орындалу барысы бақылауға алынып, ондағы қызмет алушылардың уәждері тыңдалып, басым көпшілікті мазалаған сұрақтар шешімін тапты. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде қаланың тұрмыс түршілігі толығымен өз қалпына келгендігіне көз жеткізіліп, Арыс қаласының әкімі М.Б.Қадырбек және Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі С.Қалқамановтың айтуынша қаланы қалпына келтіру жұмыстарының барлығы қойылған талаптарға сай жүргізіліп жатқандығын және зардап шеккен халыққа әлеуметтік көмек сапалы көрсетіліп жатқандығын жеткізді- деп жазады Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?