• Чт. Май 9th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістандық полицейлер Шымкент қаласына бой тасалаған алаяқтыққа күдіктіні құрықтады

Автор:REVIZORRO

Авг 12, 2019

2019 жылдың тамызында Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп арызданады. Жәбірленуші өз арызында, белгісіз тұлғаның несие алып беремін деп, қаржысын алып ұзақ уақыт бойы қайтара алмай жүргендігін көрсеткен.

Аталған жайтты полицейлер сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеуге алып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғайды. Полицейлердің анықтауы бойынша, жәбірленуші Шымкент қаласына бағытталған такси көлігіне мінген. Жүргізуші қалаға жетемін дегенше, несие жайлы әңгіме қозғап, өзінің несие алып беретін туыстарының барын айтып, жолаушының сеніміне кірген.

Біртіндеп сөзбен арбаған күдікті жәбірленушінің ұялы телефонының нөміріне де қол жеткізеді. Біршама күннен соң жәбірленушіні шақырып алып, қомақты несие алып беремін деген уәдемен 60 мың теңгесін алады. Жәбірленуші сезіктінің сөзіне сеніп, қомақты несиеге қол жеткіземін деген оймен, 1 жыл бойы күтіп жүреді. Алайда, күдікті жәбірленушінің ақшасын ұлғайтып бермек түгілі, ізім-ғайым жоқ болады.

Жәбірленуші ақшасын алған такси жүргізушісін өз еркімен іздеп табамын деген үмітпен уақытын өткізіп, ақыры нәтиже болмаған соң полицияға келіп арызданады. Арыз түскеннен бастап әрекет еткен қазығұрттық тәжірибелі полицейлер іздестіру шараларын іске асырып, тыңғылықты тексерулер жүргізіп, жедел әрекет етулерінің нәтижесінде күдіктіні Шымкент қаласынан құрықтайды. Бүгінгі таңда күдікті қамауда. Қылмыстық іс бойынша жинақталған барлық материалдар сотқа жолданды.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?