• Ср. Май 8th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жамбыл облысында полицияның бес фронт-кеңсесі ашылды

Автор:REVIZORRO

Сен 20, 2019

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Полиция департаменті басшыларының, әкімдік өкілдерінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және блогерлердің қатысуымен Жамбыл облысының Полиция департаменті жанындағы фронт-кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.

Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мақсаттарды іске асыру аясында азаматтар үшін бұл күні бірден бес фронт-кеңсе, оның ішінде екеуі аудандық полиция бөлімдерінің жанынан ашылды.

Нәтижесінде бүгінгі таңда Жамбыл облысында 14 фронт-кеңсе жұмыс жасайды. Онда әкімшілік полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметінің мамандары тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, түрлі мәселелерді шешуге қатысты қажетті көмек көрсетеді, сонымен қатар халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат береді.

Сондай-ақ фронт-кеңсе қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындаумен қатар, азаматтардың құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныс-пікірлерін тіркейді. Құқық қорғау органдарында бұрын-соңды мұндай азаматтарды қабылдау фронт-кеңселері болмағанын ескерсек, Департамент басшылығы облыс тұрғындары үшін бұл жаңашылдықтың тигізер пайдасы мол болатынына сенім артады.

Жаңа фронт-кеңсе өз жұмысын бастағаннан кейін ПД бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев азаматтарды жеке қабылдады, бұдан кейін осы күні Тараз қаласының Полиция басқармасы мен №2 қалалық полиция бөлімінде ашылған жаңа фронт-кеңселермен танысты.

Бүгінгі таңда фронт-кеңсе қызметкерлеріне барлығы 5000-нан астам адам жүгінген, олардың барлығына уақтылы құқықтық көмек көрсетілді, әрбір өтінішке азаматтар толыққанды және кәсіби жауап алды.

Осылайша, полицияның халықпен жұмыс жасаудағы енгізілген жаңашылдық үрдісі қоғамдық диалогты ұйымдастыруды айтарлықтай жақсартып, азаматтардың қажеттіліктеріне қатысты ашықтық пен жедел ден қою қағидаттарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?