• Чт. Апр 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жамбылдық полицейлер заң факультетінің студенттерімен кездесті

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2020

Тараз қаласының Полиция басқармасы бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Д.Нысанбаев М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың заң факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, іс-шараға полиция қызметкерлері, университет деканы З.Әбдукаримова және басқа да оқытушылары қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыптарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, олардың жасалу себептері мен шарттары, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдері жастарға кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс деңгейін төмендету және оларға қатысты қандай шаралар қабылданатынын айтты.

Полиция қызметкерлері ҚР Президентінің биылғы жылдан бастап балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жазалауды қатаңдату туралы Заңға қол қойғанына және балалардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізілгеніне ерекше назар аударды. Осыған байланысты, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына, есірткі құралдарын заңсыз таратуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ адамның өліміне әкеп соғатын мас күйінде техникалық құралды басқару үшін жауапкершілік күшейтілгені туралы да атап өтті.

Іс-шара соңында кездесуде айтылған мәселелер бойынша университет студенттері жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық тақырыптарында пікірлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сауалдарын жолдады. Полиция қызметкерлері барлық сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар берді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?