• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Балаларды қорғау-қоғам мүддесі

Автор:REVIZORRO

Июн 5, 2019

Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Отарбаевтың төрағалық етуімен балалар еңбегінің ең нашар нысандарының профилактикасы және оның алдын алу тақырыбында комиссия отырысы өтті. Отырысқа ТО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков, облыстық ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау басқармаларының, жұмыспен қамту мекемесінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, жиын барысында күн тәртібіне қойылған мына мәселелер қаралды:

1.Балалар еңбегінің ең нашар нысандарының профилактикасы және оның алдын алу.

2.Сексуалдық қанау, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық.

3.Адам саудасының құрбандарына көмек көрсететін коммерциялық емес(үкіметтік емес) қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік қаржы және өзге де көмек, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жәрдем ету.

Жалпы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жиналысқа қатысушы тұлғалардың барлығы дерлік мәселелерді кеңінен талқылап, өз үлестерін қосты. Еске салар болсақ, облыстық полиция департаменті үнемі балалар қауіпсіздігін басты назарға алып, арнайы алдын алу шараларын жүргізіп келеді. Көпшілігінде мұндай іс шаралар мүдделі мемлекеттік органдар, ұстаздармен, мемлекеттік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылады. Сонымен қатар, облыс аумағында орналасқан білім басқармасымен бірлесіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп оқушыларымен, олардың ата-аналарымен кездесулер өткізіледі. Өткізілген кездесулер барысында тәртіп сақшылары қылмыс пен құқық бұзушылықтардың жауапкершіліктерін, оның зардаптарын айта отырып, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Тәрбиелік мәні бар түрлі бейнероликтер көрсетіліп, балалардың санасына мүмкіндігінше әсер етіп, заң бұзбауларына ықпал етеді.

Отырыс соңында, жоғарыда аталған мәселелер бойынша баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұтымды ұсыныстар мен пікірлер ортада қызу талқыланды.
Түркістан облысы полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?