• Вт. Апр 30th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қызылорда қаласында «Луна» қонақ үйіндегі өрт сөндірілді

Автор:REVIZORRO

Июл 24, 2019

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде 22 сағат 23 минут шамасында Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына А. Сүлейменов көшесі №1 мекен-жайдағы «Луна» қонақ үйінің ғимараты жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген соң, ғимараттың шатырынан қою түтін шығып жатқанын көрді. Қонақ үй кешенінің келушілері мен қызметкерлері өз күштерімен қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт орнында жедел штаб құрылды. Өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрады. Өрт 23 сағат 42 минутта оқшауланып, 00 сағат 04 минутта толық жойылды. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайды жоюға төмендегі күштер мен құралдар, атап айтқанда: ТЖД және «Өрт сөндіру қызметінің» 32 қызметкері мен 10 техникасы, Қызылорда қаласы полиция басқармасының 10 қызметкері мен 4 техникасы, жедел жәрдем бригадасынан 3 қызметкер мен 1 техника, ҚРЭК-нің 3 жұмысшысы мен 1 техникасы және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 3 өкілі жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Қызылорда облысы ТЖД

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?