• Вс. Май 12th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жол жүруде жол парағының қажеттілігі қандай?

Автор:REVIZORRO

Авг 8, 2019

«Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес, жол парағы – жүргізуші мен автокөлік құралының жұмысын есепке алумен бақылауды жүргізуге арналған құжат. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жеңіл автомобильдерге арналған осы жол парақтарын алып тастауды ұсынады.

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз орталығында республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Мирас Қарғабай айтты.

Мирас Қарғабай: «Қарапайым заңды тұлға көбінесе үлкен және ұйымдасқан гаражы бар, жүргізушілер, диспетчерлер, механиктер және басқа да ұжым штатымен үлкен ұйым емес. Әдетте, бұл балансында қызметтік жеңіл автокөлік бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Тәртіп бойынша жол парағы күн сайын толтырылып, жүргізуші медициналық куәландырудан өтуі қажет. Жол парағы мөрмен бекітіліп, онда одометрдің, заңды тұлғаның, жеке жүргізушінің деректері, жауапты қызметкерлердің қолы, медицина қызметкерінің белгісі қойылып, көлік жүретін маршрутпен қоса беріледі», — деді.

Ал нақты іс-жүзінде, басшылықтың дербес автомобильдері немесе ұжымға бекітілген көліктерге жол қағазы айдың соңында келесі айға жазып берілетіндігін, ешқандай медициналық тексеру жоқ, маршруты бүкіл облыс немесе бүкіл ел ретінде көрсететіндігін айтқан жоба жетекшісі, нәтижесінде жол парағындағы ақпараттың өзекті емес, тек жалпылама екендігін, яғни, өз функциясын жол парағы бүгінгі таңда орындамайтындығын айтты.

Жолда жүру ережесіне сәйкес, құжаттарды тексеру кезінде, айдың бірінші күндері, әсіресе желтоқсан және қаңтар айларында, мерекелерге байланысты бұл бұзушылықтар жиі тіркеледі. Себебі қарапайым — ұзартуға ұмытып кетеді немесе компания мереке кезінде жұмыс істемейді.

Негізінде, көлік жүргізушісінің басқа құжаттары бәрі (жүргізуші куәлігі, техпаспорт, сақтандыру полисі, қажет болған жағдайда техникалық байқау және жеке куәлік) жарамды болған жағдайда жол парағының болмауы елеулі емес және салдары жоқ бұзушылық.

Бірақ бұл қағаздың болмауы (жол парағы) айыппұл салуға әкеп соғады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мерзімі өтіп кеткен жол парағы немесе оның болмауы үшін жүргізуші шамамен 12 мың теңге көлемінде айыппұл тқлеуі тиіс.
Демек, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасай отырып, полицейлермен «келісіп» әрекет ету мүмкіндігі туындайды.
Сонымен қатар, қазір полицейлер бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы автокөліктің айыппұлдары, сақтандыру және тағы басқалар мәртебесін көре алады. Демек, қағаз түріндегі жол парағының – архаиканың қажеті шамалы.
Жоғарыда аталған құжаттар болған жағдайда, егер ақпараттық жүйеде бұл авто белгілі бір заңды тұлғаға еншілі болса, авто ұрланбаған болса, онда жүргізуші автокөлікті жүргізуге құқылы.

Жол парақтарын қолдан жасап алу қиын шаруа емес. Бланкілерді кеңсе тауарларынан сатып алуға немесе өзіңіз басып шығаруға болады. Мөрді түрлі-түсті принтерде жасау немесе қандай да бір «таза емес» шеберханаға тапсырыс беруге болады.

«Жол парағы мемлекет үшін (бұл жерде жол полициясы бейнесінде) жол жүру ережесігің сақталатынына кепілдік бермейді. Өйткені, жол жүру ережесін сақтау — әр жүргізушінің дербес жауапкершілігі.

Егер ЖШС меншігіндегі жеңіл автокөлік басшылық рұқсатынсыз, жол парақта белгіленбеген жерде жүрсе, бірақ хол жүру ережесін бұзбаса, онда бұл — полицияның шаруасы емес. Бұл – меншік иесінің мүліктік мәселесі», — деген М. Қарғабай, жол парақтары кеңестік жоспарлы экономиканың қалдығы болып табылады және олар баяғыда тарихта қалуы тиіс екендігін жеткізді.

Осылайша, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жою бойынша трендті ескере отырып, жеңіл автокөліктер үшін жол парақтарды алып тастауды ұсынады.

Ескере кеткен жөн, жол парақтарынан бас тарту арнайы техникаға немесе автобустарға қатысты емес.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
Нұр- Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?