• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Табиғатты қорғайық

Автор:REVIZORRO

Авг 15, 2019

Бізді қоршаған табиғаттың, яғни орман, өзен – көл, тау жоталарының сұлулығы кімді болмасын қызықтырып, таң қалдырары сөзсіз.

Өкінішке орай, соңғы жылдары от қойнауындағы салақтықтан, табиғи өрттің саны көбейіп отыр. Өрт қашанда жақсылық әкелмейтіні белгілі, ол жолында кездескен ағаш, аң – құсты түгелдей жойып, соңы қайғылы оқиғаға соқтырып жатады.

Қазіргі уақытта орман алқаптарын қорғау және қалпына келтірудің көптеген маңызды мәселелерінің бірі орман өрттерімен күресу және аудандағы дала мен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Орман және дала өрттері әртүрлі себептерден орын алады. Мұндай өрттердің 80% тұрғындардың еңбек және демалыс орындарында отты, сонымен қатар ауылшаруашылығы техникасын абайсыз пайдалану себептерінен болады.

Табиғи өрттер жиі кездесетін келеңсіз метеорологиялық жағдайлардың (жоғары ауа температурасы, ұзақ уақыт жауынның болмауы) нәтижесінде де орын алады.

Орман мен дала өрттерінің туындауына кінәлі көбіне адам болып табылады. Отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарағанынан. Көбінесе өрттің пайда болуы табиғатта демалыс орындарында, жеміс-жидек жинау кезінде, аңшылық кезінде сөндірілмеген сіріңке, темекі және қараусыз қалған тағам жасау кезінде немесе жылыну мақсатында пайдаланған алаулардан, аңшылық кезінде атылған оқ-дәрінің шоғынан қураған шөптер тұтанып өрт туындайды. Табиғатта демалыс орындарында сынған шыны әйнектердің қалдықтарын жиі кездестіріп жатамыз. Жаздың ыстық күндерінде осы сынған шыны әйнектер күннің сәулесін линза ретінде күшейтіп қураған шөптің тұтануына ықпал етеді. Аталған өрттердің әсерінен мемлекетімізге үлкен шығын келтіріп, кейде адам өлімімен қайғылы оқиғаларға алып келеді.

Осыған байланысты, Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Төтенше профилактикалық үгіт-насихаттау барысында барлық тұрғындарға тау, дала және орманды жерлерде демалғанда, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді. Осылайша, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтай отырып біз өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, ағаштардың басқа түрлері өспейтін жерлерде өсетін, өте сирек кездесетін ерекше сексеуіл ормандарын сақтап қаламыз.

Табиғи өрттердің алдын алу бойынша жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

Талас ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры

Ерлан Исабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?