• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шөп жинау және жем-шөп дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтаңыздар!

Автор:REVIZORRO

Авг 15, 2019

Жаз мезгілінде ауа райының жағдайы жақсы болғандықтан, шүйгін және жасыл шөптер қаулап өсті, біздің облысымыздың тұрғындарына және жер иелеріне мол шөп жинауға мүмкіндік берілді. Бірақ, соңғы күндері ыстық және құрғақ ауа райы туындағаннан соң, өрт қауіпті жағдай туды. Қазір, әрбір азамат, шаруашылық кәсіптер жемшөптерді дайындайды, жемшөпті дайындау орындарында және сақтау кезеңінде барлық өрт қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті. Жемшөптерді дайындау кезеңінде ненің салдарынан тұтану орын алады? Өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Көбінесе шөпті тұрғын үйлер, моншалар, шаруашылық құрылыстары маңында жиналады, ғимарат пен құрылыстың ара қашықтығы 50 метрден кем емес жерде болуы тиіс; өтілетін жолдың бөлігінен 20 метрден кем емес ара қашықтықта болуы тиіс, себебі от азаматтардың тұрғын үйлеріне және аула құрылыстарына таралуы мүмкін. Маяның биіктігі сақталмайды, маяның, қалқанның және жемшөптердің қатары электр тасымалдағыш бағытына дейін 15 метрден кем емес болуы тиіс. Сондай-ақ, өрттер балалардың бұзықтығынан орын алады, балалар не істеп жатқандарын, сіріңкемен ойнау барысында қандай бақытсыз салдарға әкеліп соқтыратынын білмейді. Осыған байланысты, жемшөптерді дайындау және жинау кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын ескерту артық болмайды ;- Жемшөптерді дайындау басталғанға дейін, ірі жемшөптерді жинау мен сақтауда іске қосылған өртке қарсы көліктер мен агрегаттардың дайындығына жауапты тұлғаларды, өртке қарсы нұсқау механизаторын, жұмысшылар мен қызметшілерді тағайындау қажет, сонымен қатар ірі жемшөптерді дайындау кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау керек, Шөп үйілген жердің айналасын өртке қарсы жолақ бойымен жырту қажет. Егер де сіз, өрт тұтануларын немесе өртті көрсеңіз, 101 телефоны арқылы хабарлаңыз, сонымен қатар қолда бар құралдармен өртті сөндіру шараларына кірісу қажет.

Меркі ауданының ТЖБ инженері азаматтық қорғау лейтенанты

Саят Жұманов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?