• Ср. Май 8th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

БҚО: Топырақты заңсыз алу тоқтатылды.

Автор:REVIZORRO

Сен 24, 2019

БҚО Шыңғырлау ауданы прокуратурасымен рейдтік іс-шаралар барысында аудан орталығына жақын жерде топырақты заңсыз алу фактісі анықталды.

«А» ЖШС-нің қызметкерлері жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін экскаватормен жерді қазып, топырақты көлік құралдарымен тасымалдаған.

Алайда олардың Экологиялық кодекстің 12-бабына сәйкес тиісті рұқсаты болмағаны анықталды.

Экология департаменті инспекторының 2 қыркүйектегі қорытындысы бойынша барлығы 56 тонна топырақ алынған.

Прокуратураның ұсынуы бойынша уәкілетті органмен «А» ЖШС-гі ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша (жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 150 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушымен 378 750 теңге айыппұл толығымен төленді және жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Бауыржан Ахметжан

БҚО прокуратурасының ресми өкілі
(шартты сурет)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?