• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысында тәрбиелік маңызы зор кездесу өткізілді

Автор:REVIZORRO

Окт 14, 2019

Мақтарал АПБ мәжіліс залында тәрбиелік мәні зор кездесу өткізілді. Олай дейтініміз, бұрын өмірінде шалыс қадам басып, сотты болған, қазіргі таңда бостандыққа шығып, жаңа өмір бастап жатқан жандармен өмірі өнегеге толы азаматтардың кездесуі өтті. Жиынға Мақтарал аудандық соттының төрағасы Құнанбай Мұсаев, аудан прокуроры Жұмағали Ботабеков, ауданның бас имамы Б. Паташовтар мен Мақтарал АПБ-нің әкімшілік аумағында тұратын бұрын сотты болған, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған азаматтар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — бостандыққа шыққан жандар арасында құқық бұзушылықтың, төтенше жағдайлардың, басқада қылмыстардың алдын алу, сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу, қылмыстың қайталануын болдырмау. Кездесу барысында әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктіліктерін арттыру, жұмыспен қамтылу, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру сынды жағдайларға пайдалы кеңестер берілді. Ең бастысы бұдан кейін қылмыс жасамау турасында профилактикалық әңгімелесу орын алды. Өз кезегінде сотты болып, бүгінде босап шыққан жандар ол жерге енді барғысы келмейтінін, сол мақсатта дұрыс жұмыс жасап, дұрыс жүріп-тұруға сенетіндерін, соған тырысатындарын жеткізді. Алдағы уақытта ауданда осындай пайдасы мол іс-шаралар тұрақты түрде іске асырылмақ. Ел ағалары болған азаматтардың өмірін, тәжірибесін көрсете отырып, құқықбұзушылыққа бейім азаматтарды тәрбиелеу жұмыстары үнемі жүргізілетін болады.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?