• Чт. Апр 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

БҚО прокуратурасында «Абай оқулары» байқауы өтті

Автор:REVIZORRO

Окт 22, 2019

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында ұлы ақын, философ, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылды.

Үш кезеңнен тұратын сайысқа қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа айтып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, қара сөздеріне түсінік берді.

Әділ қазылар алқасы қатысушылардың оқу шеберлігіне, сахнадан өзін ұстауына, аудиторияға ойын жеткізе білу шеберлігі, қара сөздердің философиялық мәнін түсінуін бағалады.

Конкурс нәтижесінде 1-орынды Бәйтерек ауданы прокуратурасының прокуроры Әділет Әбу, 2-орынды Теректі ауданы прокуратурасының аға прокуроры Дулат Тағаев және 3-орынды Бәйтерек ауданы прокуратурасының прокуроры Әділхан Дүйсебаев иеленді.

Барлық қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?