• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«Қару»

Автор:REVIZORRO

Сен 25, 2018

Ағымдағы жылдың 17 мен 21 қыркүйек аралығында Түркістан облысының аумағында «Қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қарумен жасалынатын қылмыстың алдын алу және заңсыз сақталған қаруды анықтау болып табылады. «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде туркістандық полицейлермен 64 дана заңсыз қару тәркіленді. Оның ішінде — 2 ойықұңғылы, 55 -аңшылық, 4 газды тапанша, 2 травматикалық және 1 электрлі. Түркістан ҚІІБ қызметкерлерімен ауыл тұрғынынан тіркелмеген 16 калибрлі аңшылық қаруы және 2 оқ-дәрі тәркіленіп алынды. Ал Мақтарал ауданында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғыннан 1959 жылы шығарылған ТОЗ-8 карабинін тәркілеп алды. Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалды. Барлық жайттар СДТБТ-не Түркістан облысы ІІД құрылымдарында «қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы ІІД «Қару» операциясы барысында учаскелік инспекторлармен 7 мыңнан астам қару иелері тексеріліп, заңсыз қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 429 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

«REVIZORRO»

Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?