• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жамбыл облысында брифинг өткізілді

Автор:REVIZORRO

Фев 20, 2019

2018 жылы облыс аумағында төтенше жағдайлар критериіне жататын 22 улы газбен улану оқиғасы тіркеліп (2017 ж — 20), салдарынан 44 адам уланды (2017 ж. — 29), оның 9 қаза болған (2017 ж. — 5). 2017 жылмен салыстырғанда улану оқиғаларының саны 10%-ға, зардап шеккендер саны 51%-ға, ал қаза болғандар саны 80%-ға артып отыр.

Барлық улану оқиғаларының орташа есеппен алғанда 50%-ға жуығы табиғи газбен улану оқиғаларынының үлесіне тиюде. Ағымдағы жылы 2 ай ішінде облыста орын алған 5 улы газбен улану оқиғасының салдарынан 7 адам уланған және 3 қаза болған.

2018-2019 ж.ж. жылыту маусымы ішінде (2018 жылғы 15 қазан — 2019 жылдың ақпан айы) түтін мұржаларының бітелуі мен пеш ақауларының салдарынан көміртегі тотығымен уланудың 10 дерегі тіркеліп, 23 адам зардап шексе, оның 3-і қайтыс болды. Оның ішінде ағымдағы жыл басынан бері көміртегі тотығымен уланудың 5 дерегі орын алып, 7 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты. Атап айтқанда, 29 қаңтарда Шу ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде қатты отынға арналған жылыту пешінің бұзылуынан екі зейнеткер көміртегі тотығымен уланып, оқиға орнында қайтыс болды, ал 2 ақпан күні Тараз қаласындағы жеке тұрғын үйде табиғи газға арналған пештің ақауынан көміртегі тотығымен уланған 1 адам қайтыс болса, 2 адам ауруханаға жатқызылды.

Балалар жыл сайын оттан бақытсыз оқиғалардан қаза тапқандар тізімін толықтыруда. Көбінесе, ересектердің салғырттықтары, немқұрайлылықтары орны толмас өкінішке әкеп соғады. Жағдайларға мән бермеу, ұдайы қол босамаушылық және ересектер тарапынан бақылаудың мүлдем болмауы балалардың отпен ойнауы себебінен өрттің туындауының бақытсыз жағдайлардың басты факторы болып табылады.

Статистика адардың өрт кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдылары мен білімдерін меңгермегендіктерін көрсетеді.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұтас профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде, ең алдымен халықпен жұмыс, мекен-жай бойынша көмек көрсетуде. Тұрғын секторында азаматтармен кездесу және аула аралаудан бөлек, қызметкерлер білім беру ұйымдарының оқушыларын төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс

іс-қимылдарға үйрету бойынша, үнемі маусымдық интерактивті сабақтар жүргізеді, сондай-ақ өртке қарсы нұсқаулар және эвакуациялау бойынша жаттығулар, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы үгіт-насихат материалдарын таратады, оқыту фильмдерін көрсетеді.

Өрт қауіпсіздігі саласы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізу үшін халықпен нәтижелі жұмыс жүргізуге ықпал ететін БАҚ ты қатыстыру өте маңызды . Бұл өзінің оңтайлы нәтижесін көрсететіні күмәнсіз.

Сондықитан, Жамбыл облысының телекоммуникациялар орталығында брифинг өткізілді. Өткізілген пресс-конференцияда Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Әкімбаев Мақсат, «КазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ ӨТБ басшысы Юсупов Абыл Рахманбердиұлы, директордың кеңесшісі Қарабалаев Айтқазы сөз сөйледі.

«Revizorro» Жамбыл облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?