• Чт. Апр 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жан талас па, мал талас па?

Автор:REVIZORRO

Апр 22, 2020

Сот сорақы емес, сұрақтар сорақыланып барады!Кешірімді бола алмай жатқан жандар, ең болмағанда карантин аяқталғанға дейін сабыр сақтай алмауы өкінішті. Мемлекетімізде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан соттарға, халық тарапынан талап арыздар тоқтамай жатқаны және 92 пайыздан астамы электронды түрде шағымдар мен арыздар беріліп жатқаны хабарланды. Халық тәубе мен сабыр сақтауды ұмытып жатыр ма?- дейсің кейде. Қашықтан сот отырысын жүргізу мүмкіндігі мемлекет тарапынан айтарлықтай 100 пайыз қамтамасыз етілген. Алайда адамдар сот отырыстарына, ғаламтор арқылы жүрген сот отырыстарына, шағымдары мен теріс ойларын жазып жатқандары жаға ұстатты. Бірақ бар мүмкіндікті дұрыс пайдаланған абзал болар. Сот отырыстарын жүргізу үшін, жоғарғы сот тарапынан барлық жүйелер іске қосылып, барлық жағдайлар түгел қарастырылған ғой. Сот болатын күн алдын ала хабарланып, сот талқысына дайындалу мүмкіндігі беріледі. Алайда адамдардың көпшілігі, кез келген жерде, ұялы телефондары арқылы қатысып, желі нашар желерге кезігіп, немесе, сот отырсына дайын болмай, сотты кінәлі ету дұрыс емес- деп ойлаймын. Сот отырысына алдын ала дайындалып, сотқа деген құрметтен бұрын, өзімізге деген құрметті жоғары ұстасақ деймін.

Ескере кету керек, сот отырысына қатысу үшін 4G қамту аймағында немесе Wi-Fi болуы керек.

Сардар Әбдіжақия
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің бас директоры

Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?