• Пн. Май 13th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жамбылдық полицейлер Президенттік көпсайыста жүлделі орындарға ие болды

Автор:REVIZORRO

Июн 21, 2019

Ағымдағы жылдың 13-16 маусымы аралығында Орал қаласында Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті. Чемпионатқа 15 облыстың полиция департаменттерінің командалары қатысты. Жарыс төрт жас санатында өтті, Тараз құрамасының сапында Жамбыл облысының Полиция департаментінің қызметкерлері болды, олар жоғарғы дайындықта тәсілдік спорттық шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Нәтижесінде 30 жасқа дейінгі жарыс түрінде полиция аға лейтенанты Мадияр Алимкешов 1- орын жеңімпазы атанды, 40 жасқа дейінгі санат бойынша полиция майоры Данияр Құлсеріков 3-орынға табан тіреді. Ал полиция майоры Денис Гузема ең үздік жүзгіш болып танылды.

Аумақтағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген жамбылдық тәртіп сақшыларын спорттық жетістіктерімен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?